"Орал жақтан іздеп көр": Ерке Есмахан әріптесі Балжан Бидашқа кеңес берді
Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмыс құруға қатысты Балжан Бидашқа ақыл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қос өнер иесі туған күн кешінде бас қосып, кеш көркін қыздырды.
“Ерке, менің Раймым қайда жүр екен?! “Самая вышка” әнін тыңдамағалы қай заман?!”, – деп жазды Балжан Бидаш.
Өз кезегінде Ерке де әзілін түсініп, жауап қатты:
“Орал жақтан іздеп көр десем қалай”, – деп әзілдеді Ерке.
“Мүмкін енді басқа жақтан”, – деді Бидаш.
-
"Кезінде жүрегімді жаулап алған": Балжан Бидаш оралдық тыңдармандарымен қауышты
-
"Назар аударта алмай жүрген жасөспірім қыз сияқты": Балжан Бидаштың жаңа образы сынға қалды
Еске салайық, Балжан Бидаш жеке өмірінен сыр шертіп, қарым-қатынастан үркіп қалғанын айтқан еді.
“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар. Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған жандардың бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын”, – деген еді эстрада жұлдызы.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты