Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны көршісінің көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен (видео)

Көлік ұрлау сәті
Фото: Видеодан скрин

Орал қаласында ер адам көршісінің көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, көршісінің көлігін иемдену үшін жергілікті тұрғын эвакуатор пайдаланған.

"Облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны көршісінің Toyota Camry көлігі аулада құлыпталмай тұрғанын байқап қалады. Артынша ол аулаға эвакуатор әкеліп, көлікті ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала маңынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Автокөліктің құны 8,5 миллион теңге деп бағаланған", – деп мәлімдеді полиция департаменті. 

Қазір іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2026 22:59