Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
БАҚ-та Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ақ Жайық" басылымы ресми емес дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Мұқасовтың ұсталғанын мәлімдеді.
"Тергеуді ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр. Іс материалдарында әңгіме 40 миллион теңгеге қатысты екені және екінші күдікті бар екені белгілі. Дереккөздердің хабарлауынша, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдірген, алайда кейін бас тартқан", – делінген ақпаратта.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен облыстық прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме бермеген.
Мейіржан Мұқасов Атырау облысының тумасы, 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қалалық ТКШ бөлімінде түрлі лауазымдар атқарған, қалалық бөлімді басқарған, кейін облыстық қаржы басқармасын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасын басқарған.
Еске салсақ, Ақтөбеде прокуратура қызметкері 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген еді.
"Мұғалімдер де боянбасын": Қазақстандық оқушылар мектептегі макияж бен сыртқы келбетке қойылған талаптарға қарсы шықты
Министрлік талаптардың орындалуы оқушының өзіне ғана емес, ата-анасына да қатысты екенін атап өтті
"Бір шелек алтын" үшін қырылған отбасы: Алты адам мен сәби азаппен өлтірілген қанды қылмыс туралы не белгілі
Қылмыскерлер мәйіттерді бір бөлмеде бірінің үстіне бірін үйіп өртеген
