Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны наннан шыбын тауып алды

Орал қаласында бойжеткен наубайхананың жанындағы дүкеннен екі нан сатып алған. Алайда, алып келген нанның біреуінен шыбын шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нан
"Нандағы шыбынды көре сала, наубайханаға бардым. Меңгеруші бөлкедегі шыбынды алып тастады да мұндай жағдай бізде болып тұрады дейді. Содан басқа нанға алмастырып берді. Бірақ ол маған берген нанда да шыбын болды", - деп жазды "Мой город" порталы.

Наубайхана меңгерушісі шыбынның көп екенін айтады. Сол үшін де жәнжіктерге тұзақ жем іліп қойған.

"Біз түнгі ауысымда жұмыс істейміз. Нан пісіру оңай емес. Шыбын нанның ішінде емес, қыртысында болған. Нанды пісірмес бұрын, қалыпқа өсімдік майы жағылады. Содан кейін әрине, шыбындар соған қонады. Қалыптың түсі қара болған соң, оны байқамай қалса керек", - дейді наубайхана қожайыны.


 

Талқылау