Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орал ежелден орыстың қаласы": Қазақстандық екі тұрғынның сепаратистік мәлімдемесінен кейін тергеу басталды

Оралдың екі тұрғынының сепаратистік мәлімдемесі бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

сепаратист

"Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 1990 жылы туған азамат "Р" және 1987 жылы туған азамат "К" анықталды. Екеуі де Орал қаласының тұрғындары. 2023 жылдың 14 ақпанында аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберіндегі өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.



Басылым күдіктілер мен блогер арасындағы диалог чат-рулетка ғаламтор желісінде болғанын атап өтеді. Ер адам Оралдың ежелден орыс қаласы екенін айтып, қазақтілді қазақтарды "мамбет" деп атап, Ресей Қазақстанға шабуыл жасаса, орыстарды қолдайтынын айтқан.

Ұсталғаннан кейін ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, блогермен мас күйінде сөйлескенін жеткізген.

Талқылау