Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз Z-ны қолдаймыз": Алматыда көлік тұрағында жанжал орын алды

Алматы тұрғыны автотұрақта Георгий лентасын қолдана отырып, “Z” жапсырмасын тағып алған көлікті көрген. Ашуланған азамат автомобильді видеоға түсіріп, полиция шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Фашистік белгісі бар көлік таптық. Енді біз полиция шақырып, талқылаймыз", — дейді ер адам TikTok әлеуметтік желісіндегі видеода. Ары қарай полиция келіп, көлік иесін тауып алады.

"Барлықтарыңа сәлем! Біздікі дұрыс, біз Z-ны қолдаймыз", – деген олар видео авторына жауап ретінде. Ал ер адам олардан айтқанын қайталауын сұрайды. 

“Біз Z-ны қолдаймыз”, — деп айтқандарын қайталайды ер мен әйел адам.

Оқиғаның қалай аяқталғаны әлі белгісіз. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша түсініктеме прокуратурамен келісіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, осы жылдың наурыз айында Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі халыққа, БАҚ-қа және әлеуметтік желі пайдаланушыларына Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысуға шақырудан, сондай-ақ ел аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік ұрандарды қолданудан аулақ болуға шақырды. Бас прокуратура мұндай әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өткен болатын. 

Талқылау