Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орал – Ресейдің қаласы": БҚО-да сепаратистік пікір айтқан екі тұрғын бес жылға сотталды

БҚО-ның екі тұрғыны Денис Рудный мен Кристина Колченкоға ұлт-араздық қақтығысты қоздырғаны үшін қылмыстық үкім шықты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық алауыздықты қоздыру" және 180-бабы "Сепаратистік қызмет" бойынша екі адам кінәлі деп танылды. Оларға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, бес жыл екі айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Колченко да орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Істі судья Варвара Дмитриенко қарады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақпан айында әлеуметтік желіде даулы бейнежазба таралды. 20 жылдан астам уақыт Орал қаласында тұратын Ресейдің тумасы соғыста Ресейді қолдайтынын және "Орал Ресейдің қаласы екенін" айтқан. Видеода танысы да оның сөздерін қолдап отырғанын көруге болады.  

Бастапқыда қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қозғалған жоқ деп хабарланды. Департаментте ер адамның кешірім сұраған бейнежазбасы таратылды, ол мас болғанын және алауыздық тудырғанын мүлде түсінбегенін айтты.

Бірнеше күннен кейін құқық қорғау органдары ер адамды бейнежазбадағы қызбен бірге жауапқа тартуға шешім қабылдады.

Естеріңізге салсақ, Петропавлды Ресейге қосуды сұраған әйелге сот үкім шықты.

Талқылау