Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президентінің парламент сотына тартылатын күні белгіленді

Оңтүстік Кореяның конституциялық соты президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша соттың 27 желтоқсан күні өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com/sukyeol.yoon

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты 27 желтоқсанда президент Юн Сок Ёльге парламенттік импичмент жариялау бойынша алғашқы дайындық тыңдауын өткізеді. Сот отырысы ашық өтеді. Сондай-ақ президенттің өзі тыңдалымға қатысуға міндеттелді. 

Конституциялық сот 180 күн ішінде импичментті қолдау және Юн Сок Ёльді қызметінен босату немесе оны қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы керек. Президентті лауазымнан босату туралы шешім қабылданса, Юн 2017 жылы бұрынғы президент Пак Кын Хеден кейін биліктен қуылған екінші президент болмақ. Мұндай жағдайда жаңа президент сайлау үшін 60 күндік кезектен тыс президенттік сайлау өткізіледі. 



Бұған дейін Оңтүстік Корея Парламенті президент Юн Сок Ёльге ақырында импичмент жариялағаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2024 09:43