Онлайн-диктантты қалай жазу керек? Білу керек ережелер мен кеңестер
Қазақстандағы қазақ тіліндегі үшінші жалпыұлттық онлайн-диктант 26 сәуірде Stan.kz сайтында өтеді.
Диктант уақытын Stan.kz қосымшасынан нақтылай аласыз. Қосымшаны Play Market және AppStore-дан жүктеуге болады.
Оған қалай қатысу керектігін ары қарай оқыңыз.
1-қадам. dictant.stan.kz сайтына кіресіз.
2-қадам. Тіркелу жолағында аты-жөніңізді, тегіңізді, e-mail-ді көрсетесіз.
Ескерту: Міндетті түрде өз аты-жөніңізді және жұмыс істеп тұрған e-mail-ді жазыңыз. Себебі тұлғаңыз расталмаған жағдайда смартфон ұтысына қатыса алмайсыз.
3-қадам. Диктанттың толық мәтінін тыңдаңыз. Оны актер, диктор Азамат Қанапия оқиды.
4-қадам. Диктантты барлық ережені сақтай отыра, арнайы терезеге жазасыз, ол видеоның астыңғы жағында орналасады. Диктантты қазақша пернетақтасы орнатылған компьютер/ноутбук арқылы немесе ұялы телефон арқылы теруге болады.
Диктант кирилл әріптерімен жазылады.
5-қадам. Барлық мәтінді тағы бір рет тыңдаңыз, әрбір сөзі мен тыныс белгісіне назар аударыңыз.
6-қадам. Диктантты тексеріске жібермес бұрын, оны бір оқып шығыңыз.
7-қадам. Диктантты тексеріске жіберіңіз.
8-қадам. Жазған мәтініңізді дұрыс мәтінмен тексеріңіз, бағаңызды біліп, қатысқаны үшін сертификатын сақтап алыңыз.
Онлайн-диктантты жазушыларға маңызды ақпарат:
- Диктант 24 сөйлем мен 2156 белгіден тұрады.
Мәтінді дәл әрі толық жазыңыз, сөздерді ауыстырмаңыз және тастап кетпеңіз, бөтен сөздер қоспаңыз.
- Диктанттың уақыты шектеулі екенін естен шығармаңыз, барлығы 30 минут беріледі. Уақыт мәтінді тергеннен бастап жүреді.
- Сызықшаның орнына "дефис" (-) белгісін қоюға болады, сол және оң жақтан бос орын қалдырыңыз. Осылай жазғанда бағдарлама оны қабылдайды.
- Мәтін абзацтарға бөлінген. Экранда әрбір ескерту көрсетілген кезде мәтінді жаңа жолдан бастап жазыңыз.
- Тексеруге жібермес бұрын жазылған мәтінді оқып шығыңыз, асықпаңыз. Мәтін жіберілген соң өзгеріс енгізу мүмкін болмайды.
- Ең үздіктердің арасында су жаңа iPad Air сыйлықтары ойнатылады.
Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank. Диктанттың тақырыбы қазақтардағы қаржы жоралғыларының мәні туралы болады және жазба жұмысы Jusan Bank-тың туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!