Онкологияны және туберкулезді ерте сатысында анықтаған дәрігерлерге қосымша ақы төленеді - Ажар Ғиният
Қазақстанда науқастардан онкологияны және туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлерге бонус төленеді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәдімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Министрдің сөзінше, биыл алты ай ішінде қатерлі ісіктің ерте анықтаудың көрсеткіші 5,6% өскен. Ажар Ғиният қатерлі дерт диагнозын ерте сатысында анықтағандарға қосымша ақы төленетінін мәлімдеді.
“Ауруды ерте анықтау мақсатында амбулаториялық-емханалық ұйымдар қызметінің сапасы мен нәтижесі үшін мамандардың жалақысына қосымша ақы төлеу түріндегі ынталандыратын пилоттық жоба басталды. Мысалы, учаскелік дәрігер науқастан онкологиялық ауруды және туберкулезді ерте анықтаған жағдайда, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) бонус ала алады”, - деді министр Үкімет отырысында.
Қосымша ақы төлеу 6 индикатор бойынша анықталған:
• Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын онкологиялық аурулар;
• Туберкулез;
• Ана мен бала өлімін ерте анықтау;
• Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының асқынуы бар (миокард инфарктісі, инсульт, созылмалы жүрек жетіспеушілігі) науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі;
• 2 типті қант диабеті асқынуы бар науқастарды емдеуге жатқызу;
Министр сонымен қатар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұлғайғанын, 2019 жылы 48 ауру бойынша дәрі-дәрмек сатып алынғанын да айтты. Ажар Ғинияттың дерегінше, 2023 жылы аурулардың тізбесі 3,8 млн адамды қамтып, 126-ға дейін артқан.