Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның қылмыскер екеніне сенбедім": Ер адам 8 адамды өлтіріп, мәйіттерін көршісінің бақшасына жасырып отырған

2018 жылы Брюс Макартур есімді азаматқа бірнеше ер адамды ұрлап, өлтірді деп айып тағылды. Қылмыскер құрбандарының денесін бөлшектеп тастаған. 

Оның ісі туралы деректі фильм түсірілді, онда көршісі Карен Фрейзермен және тергеушімен сұхбат алғаш рет көрсетілді. 69 жастағы Брюс ландшафт дизайнері болып жұмыс істеген және барлық жабдықтарды көршісінің гаражында сақтаған. Ол үшін әр апта сайын оның шөбін шауып, бақшасын қарады. Карен бұл келісімді өте тиімді деп санады. Алғашында көршісінің осындай қатыгездікпен адам өлтіргеніне сенбеді.

"Сот оның кінәсін дәлелдегенге дейін ол кінәсіз. Полицияның оны өлтіруші деп ойлауының өзі Брюс мұны жасады деген сөз емес. Біраз уақыт мен оны кінәсіз деп санадым. Брюс өз жұмысын жақсы көретін және оның таланты бар еді. Ол өз балаларын сағынышпен еске алатын", - деді көршісі Карен Фрейзер.

Полиция келіп, бес минуттың ішінде үйден кетуді талап еткенде көршісі не болып жатқанын түсінбеді.

"Офицер қылмыс жасалды және Брюс Макартур қамауға алынды деп жариялаған кезде, мен бәрі қаншалықты ауыр екенін түсіндім. Ол сондай-ақ маған: "Карен, оған жанашырлық танытудың қажеті жоқ, бізде ешқашан бір адамға қарсы ондай дәлел болған емес" деді", - дейді Карен Фрейзер.

Карен он жыл бұрын Брюспен өзінің әпкесі арқылы танысқан. Сол кезде ер адам өзінің жеке көгалдандыру кәсіпорнын жаңадан құрған болатын және оған жабдықтарын сақтайтын бөлме керек екенін айтқан.

Бірақ содан кейін Торонтодағы ауылда гейлердің жоғалып кетуі туралы қауесет тарады. Полиция сегіз адамды Брюс өлтіргенін анықтады, жетеуінің сүйегі Кареннің ауласындағы гүл ыдыстарынан табылды. Сегізінші құрбанның сүйегі сол жердің жанындағы жырадан табылды.

2019 жылы Брюс кінәсін мойындады. Прокурор 2010-2017 жылдар аралығында жасалған кісі өлімі жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты екенін айтты. Бірнеше құрбанды тұншықтырып өлтірген.

Брюс өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Деректі фильмде Карен "жаныңызда жүрген адамдарға абай болу керек" деп қорытындылады.


Келіншек күйеуінің қарындасын мектептен алып кетіп, суға батырып жіберген

Талқылау