Келіншек күйеуінің қарындасын мектептен алып кетіп, суға батырып жіберген
Өзбекстандағы су каналдарының бірінен жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

5 сәуірде Наманган облысының тұрғыны қызының жоғалып кеткендігі туралы арызбен аудандық прокуратураға жүгінді. Қыз таңертең ол мектепке барып, қайтып оралмаған.
Тергеу барысында қыз тұрған үйге сараптама жүргізілді. Прокурорлар мектеп оқушысын өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам жасады. 6 сәуірде Өзбекстан заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Сол күні Катта Наманган каналы арқылы өтетін көпірдің жанынан қыздың денесі табылды. Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Кейін тергеу барысында 5 сәуірде сағат 10:30-да қыздың 1999 жылы туған ағасының әйелі оны мектептен алып кетіп, каналға итеріп жібергені анықталды. Күдікті қамауға алынды.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?