Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өміріме қауіп төніп тұр": Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққан әнші мәлімдеме жасады

Мұқасан Шахзадаев - Ғалымжан Сүлеймен соққыға жықты
Фото: Видеодан скриншот

“Нұр-Мұқасан” тобының экс-мүшесі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққан әнгі Ғалымжан Сүлеймен өмірінде күмәнді жағдайлар болып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы, яғни денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленуші тарап істің жарты жыл бойы сотқа жетпей отырғанына алаңдаулы.

Ал Ғалымжан Сүлеймен кейінгі уақытта өзіне қатысты күмәнді жағдайлар жиілегенін айтты. Оның сөзінше, жақында аулада екі жігіт оны тоқтатып, қорқытқан.

“Нақты біреуге жала жабудан аулақпын. Бірақ кейінгі кезде болып жатқан жағдайлар алаңдатады. Аулада екі жігіт соғып өтіп, басына бас киімін басып киіп алған, аузында бетперде болды. Біреуі бірдеңе айтпақ болды да, бұрылып кетіп қалды. Көлігімді жууға апарғанда дөңгелегінің бұрандасы босап тұрғанын көрдім. Мұндайда адамға түрлі ой келеді екен”, – деді Ғалымжан Сүлеймен.

Әнші бұл жағдайларды өзіне жасалып жатқан қысыммен байланыстырды. Ол өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, істің әділ тергеліп, сотқа жеткізілуін талап етіп отыр.

Заңгер Инга Иманбай да істің ұзақ уақыт бойы сотқа жетпеуі күмән тудыратынын жеткізді. Оның айтуынша, тергеудің созылуына сыртқы ықпал болуы мүмкін деген күдік бар.

Мән-жайы

Еске салайық, былтыр қарашада “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын мәлімдеді. Ғалымжанның айтуынша, жанжал әндерді рұқсатсыз орындағаны үшін сотқа беру мәселесінен туындаған. Келісім жасасқаннан кейін, Мұқасан күшіктерімен бірге келіп, оны сөзбен қорлап, соққыға жығып кеткен. Сол сәтте әнші мас болған. Жәбірленушіге ота жасалып, мұрны мен қолы сынған.

Ғалымжанның адвокаты Инга Иманбай оқиғаның келісіммен шешілуге тырысқан кезде шабуылға ұласқанын және Мұқасан бірнеше күн байланысқа шықпағанын айтты. Алматы ПД қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Кейін Мұқасан Шахзадаев ұсталды, тергеу амалдары басталды. Адвокат 107-бап 2-бөлігі бойынша, алдын ала сөз байласумен денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша, түрме жазасы талап етілетінін айтты.

Бұған қарамастан Мұқасан Шахзадаев алматылық концерттің бірінде сахнаға шығып, көрермен алдына шыққаны байқалды.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 17:30