Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал вайнер Ратбек алғаш рет әке атанды

Ратбек әке болды
Фото: instagram.com/ratbek/

Танымал қазақстандық блогер Ратбек Баянов алғаш рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, әсерлі жазба жариялады. Оның айтуынша, 2 сәуірде қызы дүниеге келген. Сәбиге Зейне есімі берілген.

“Әлі күнге дейін әке болғаныма сене алмай жүрмін. Енді үйде мені сүйікті жарым ғана емес, екі қызым күтіп отыр”, – деп жазды ол.

Ратбек жұбайының жанында серіктестік босануға қатысқанын да айтты. Оның сөзінше, сол сәттен кейін әйел затына деген көзқарасы өзгерген.

“Әйелдің қаншалықты мықты екенін сонда түсіндім. Әйелдер – нағыз суперқаһарман”, – дейді блогер.

Ол қызының алғашқы жылаған дауысын естіген сәтін өміріндегі ең ерекше күндердің бірі деп атады.

“Айшок, сен өте мықтысың. Рақмет саған. Баламның анасы болғаның үшін алғыс айтамын. Қазір мен ең бақытты адаммын”, – деп жазды Ратбек.

 Еске салайық, бұған дейін Ratbek лақап атымен танымал блогер Ратбек Баянов пен жұбайы Айша сәби күтіп жүргені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 17:50