"Өмірім үшін алаңдаймын": Атыраудағы балалар үйінің мұғалімі мекемедегі мән-жайды ашық айтқаны үшін қызметінен босатылды
Атыраудағы "Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының мұғалімі мекемеде орын алып жатқан заңсыздықты жұртшылыққа жария еткені үшін әкімшілік тарапынан орынсыз жұмыстан босатылып, қысым көргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі egovpress парақшасына сілтеме жасап.

Мұғалім өзіне қысым көрсетілгенін жеткізіп, мемлкет басшысы мен қазақстандықтардан қолдау сұрады.
“Мен Досалиева Мәрияш Тоқтарқызымын. “Шаңырақ" балалар ауылында жұмыс істеген кезімде балалармен қарым-қатынасым жақсы болды. Кейін 150 нөміріне сенім телефонына біреу қоңырау шалып, балаларды мазақ етіп, заңсыз әрекеттер жасадың деп айыптады. Балалар үйіндегі мән-жайды ашық айтқаным үшін маған жан-жақтан қысым көрсетілуде. Өз өміріме алаңдап отырмын", - деді мұғалім өзінің видео үндеуінде.
Еске салайық, бұған дейін "Шаңырақ" балалар ауылында тәрбиеленушілерге дәретхана суын ішуге мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді. Осы мекемедегі Нұрдәулет есімді бала көзіне жас алып, қиындықтары туралы айтып, әділдік орнатуды да талап еткен.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"