Өмір сүру үшін ең қолайлы мемлекет белгілі болды
Өмір сүру үшін ең қолайлы мемлекет белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

HSBC Holdings Банкі жұмыс істеуге қолайлы орындардың жыл сайынғы рейтингін жасаған. 2019 жылы бірінші орынға жеті сатыға көтеріліп, Швейцария жайғасты. Жоғарғы жалақы, тұрақты экономика мен балалар үшін жасалатын жағдайлар жақсы болғандықтан бұл мемлекет алдыға шыққан.
Швейцарияға келгендердің 82% бұл мемлекетке келгеннен бастап, жағдайларының жақсарғанын айтады.
Германия туралы қызықты 15 мәлімет >>>
Ал екінші орынға соңғы төрт жылда тізімде бірінші тұрған Сингапур жайғасты. Үшінші орын - Канада. Aлғашқы ондыққа Испания, Жаңа Зеландия, Аустралия, Түркия, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам кірді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында мамандар Германияны шетелде жұмыс істегісі келетін адамдар үшін қолайлы деп таныған болатын.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген