Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада алдындағы сұмдық: Парижде журналистерді тонап, туристі зорлап кеткен

Францияда жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бірнеше күн қалғанда екі БАҚ қызметкері тоналып, турист зорланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: elcontacto.ru

Nine Entertainment тілшісі Кристин Ахерн әріптесімен Париждің солтүстік-шығыс шетіндегі халықаралық хабар тарату орталығында жұмыс істейді. Олар 22 шілде күні түстен кейін үйіне қайтып келе жатқанда, бір топ адам шабуыл жасаған.

"Бұл кәдімгі тонау болды. Өйткені олар рюкзагымызды тартып алуға тырысты. Ешқандай қару қолданбады, алайда шабуыл өте ауқымды болды. Екі жұмысшы қашып үлгерген. Дегенмен бұл алаңдаушылық тудыратын үлкен мәселе", – деді журналист. 



Бұған дейін бес ер адам Австралиядан келген туристті зорлаған. Олимпиада құрамасының өкілдері болған оқиғадан хабардар. Австралиялық велошабандоз Анна Мирс оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Маған бұл қорқынышты естіледі. Әлбетте, біз бәріміз зорлыққа тап болған әйелге түсіністікпен қараймыз.  Оған қамқорлық танытып, қолдау білдіреміз", – деді Мирс.

Nine Entertainment компаниясының спорт директоры Брент Уильямс Париждегі қызметкерлерге қырағы болуды ескертті.  

Айта кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасына баратын қазақстандық делегацияға 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінгені туралы жазған едік. 

Талқылау