Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Мүкей көп балалы болуға шақырды

Айгүл Мүкей әйелдерді көп балалы болуға шақырды. Тележүргізуші  балалардың экономикалық пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды 

"Үйленгендер, көп балалы болыңыздар. Бізде халық аз, бірақ ел үлкен. Жалпы, балалар мен көп балалы отбасы болған керемет. Сіз YouTube-те балаларды түсіріп, миллиондаған доллар табасыз. Бұл балалы болуға да жақсы себеп", – деп жазды Мүкей.

Тележүргізуші әзілдей отырып шындықты айтты. Әйелдерді көп балалы ана болуға үгіттеді. 

Желі қолданушылары оның сөзін қостады, бірі өз пікірін жазысты. 

“Бәрі көп балалы отбасы болсын”, “Баланы бағу оңай емес”, “Баланың несібесі бар деген”, “Көп балалыларға жағдай жасасын”, “Елде қолдан келгенше көмек беріп жатыр”, “Баланы ақша үшін әкелмейміз ғой”, “Қазақ қашан көп боламыз?”, – деп жазды. 

Бұған дейін тележурналист елде болған қайғылы жайтқа қатысты ойын айтып, аза тұту күнінің аз болғанына өкініш білдірген еді.

“Өткен тәулікте жеке көліктің 90 бірлігі өртенді. 300 шағын және орта бизнес зардап шекті: 120 дүкен, 100 кеңсе және 80 дәмхана мен асхана тоналды. Сонымен қатар қалада 16 полиция көлігі, жеті жедел жәрдем көлігі, екі өрт сөндіру көлігі, бес қоқыс шығаратын көлік, екі Камаз және бір жанармай таситын көлік жанып кеткен. Үш троллейбус пен екі автобус қирап қалды.
Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер бар. Барлығы 500-ден астам адам соққыға жығылды, оның ішінде 70 әйел және 60 қарт. Ешбір идея бұл қорқынышты тонауды кешірмейді. Олар сол қарапайым адамдарды ұрып-соғып, тонады”, – деп жазды бүліктің бірінші күні.


Талқылау