"Ол кезде 18 жастамын": Damelya Sweet блогер Әлихан Байзақовпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты
Қазақстандық блогер Damelya Sweet Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өзі туралы қауесетке нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Дәмелі мен Әлихан Байзақовтың құшақтасып билеген видеосы тарап, бойжеткен көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Блогер осы бейнежазбаға байланысты мән-жайды түсіндірді.
“Менде бір видео бар. Бірақ ол клубта емес, караокеде түсірілген. Адамдар: “Барда мас болып билеп жүр” деп өздері қауесет таратты. Бірақ шындығында олай емес еді. Видео 2018 жылы түсірілген. Мен 18 жастамын. Сол уақыттағы жігітіммен билеп жүрмін. Ішімдік ішпегенмін. Бұл туған күнге ағам өзі апарып тастаған болатын, ал видеоны анам көрді. Ал адамдар бір видеомен намысымды быт-шыт қылды”, – дейді Damelya Sweet.
Бұған дейін танымал блогер ұзақ уақыт құпияда ұстаған отбасы туралы айтқан болатын.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"