"Ол әкімдікті тонаушылардан қорғады": Айқын Қайрат Құдайбергенді қолдады
Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр. Елімізге белгілі әртістер Құдайбергенді жақтауға кірісті. Мәселен, әнші Айқынның пайымынша, Қайрат Құдайберген – елі үшін қызмет етіп жүрген азамат. Ол – қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде мемлекеттік мүлікті қарақшылардан қорғауға тырысқандардың бірі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қайрат – еңбекқор және еліне жаны ашитын азамат. Ол күні қарақшылардан әкімдікті қорғауға тырысқанын және жігіттермен топтасып дүкендерді тонаудан қорғағанын білемін. Бәрі дұрыс жағынан шешіліп кететініне сенімдімін", - деп тілек білдірді Айқын желіде.
Айта кетейік, бүгін таңертең Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны белгілі болды. Алматы прокуратурасы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қандай күдікке ілінгенін айтты. Мәслихат депутаты әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен қамауға алынған.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"