Оқушы ұстазын балағаттаған: Ақтөбеде мұғалім оқушыға қол көтерді
Ақтөбеде №53 орта мектепте педагог пен 10-сынып оқушысы арасында алгебра сабағында жанжал болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Қалалық білім бөлімі оқиғаға түсініктеме берді. Қарғалы ауылдық округіндегі жанжал әлеуметтік желілерде таралды. Мектеп оқушысы мұғалімді “кәрі сал..қы” деген, ал мұғалім мұндай сөзге өзін ұстай алмай, оқушыны ұрды. Мұғалімнің әрекеттері бейнекамераға түсірілді.
"Мұғалім мен 10-сынып оқушысы алгебра сабағында ұялы телефонға байланысты жанжалдасқан. Мектеп әкімшілігі бұл факт бойынша мұғаліммен және оқушымен сөйлесті, екі тарап бір-бірінен кешірім сұрады", – деді Ақтөбе білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.
Оның айтуынша, математика пәнінің мұғалімі 21 ақпаннан бастап ауруханада, үйінде ем алып жатыр.
Ал осы сыныптың ата-аналары мен оқушылары математика мұғалімінің әрі қарай да сабақ беруін сұрайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды