Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы қыз өзін жігітімен төсекте жатқан жерінде ұстап алғаны үшін анасын өлтірді

Ресейдің Омск қаласында жарақат алған 43 жастағы жергілікті тұрғын ауруханада қайтыс болғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің аймақтық департаментінің өкілі Лариса Болдинова хабарлады.

Тергеу Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүргізілуде.

Тергеушілер бұл қылмысқа марқұмның 15 жастағы қызы мен оның 18 жастағы досының қатысқандығын анықтады. Күдіктілер қамауға алынды, оларға айып тағылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеушілердің айтуынша, 2019 жылдың 31 желтоқсанына қараған түні әйел мен жастар арасында жанжал болған. Қыздың анасы үйге оралып, қызының досымен бірге төсекте жатқанын көреді. Сол арада жандал туады.

Жанжал кезінде жас жігіт пышақ алып, әйелді бірнеше рет пышақтаған. Сол кезде қызы анасының басы мен денесін балғамен ұрған.

Жәбірленуші құрбысына қоңырау шалып үлгерді, құрбысы жедел жәрдем шақырғанымен әйел ауруханада қайтыс болды.

Талқылау