Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өкшесінен басталған дерт": Бағлан Әбдірайымов екі аяғынан айырылған азаматқа көлігін сыйлады

“Жігіттер” тобының әншісі, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов мүгедектігі бар, көпбалалы әкеге көлік тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесінің үш жылдан бері айдап жүрген көлігі көрінеді. 

“Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр", – деді әнші. 



Эстрада жұлдызы жеке парақшасына видео жүктеп, екі аяғынан айырылған Нұржан есімді азаматқа көлігін табыстады. 

“Екі жыл бұрын өкшесінен жарақат алып басталған дерт Нұржанды осы күйге түсірген. "Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді" дейміз. Десек те, қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы мен жұбайы бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян. Жұбайына мың алғыс! Көлік осы отбасыға лайық деп ойлаймыз. Береке берсін", – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, әнші жақында әкесінен айырылған еді. 

Сонымен қатар өнер иесі біреудің өмірін аңдып отыратындарға ескерту жасағанын жазған едік. 

 

Талқылау