ОҚО-да автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды
Оңтүстік Қазақстанда жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырап, 18 адам зардап шекті. Тағы біреуі ауруханада жан тапсырды, деп хабарлады КТК арнасы.

Шымкенттен Сайрамға жолаушылар тасымалдайтын автобус жылдамдықты асырған болуы керек, алдында келе жатқан көлік бұрыла бергенде соқтығыпты. Сол серпінмен шайқалған күйі жолдан шығып кетіп, жиекте тұрған бетон плиталарды соққан. Жеңіл көлік ішіндегі жүргізушіге ештеңе болмағанымен, автобус ішіндегі 18 адамның барлығы ауруханаға түсті. Өкпе-бауыры жыртылған 58 жастағы бір азамат ота кезінде көз жұмса, басы жарылып, сүйектері сынған тағы 7 адам ауруханада жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қостанайда автобус жүргізушісі жүкті әйелді есікпен қысып тастаған
Ақмола облысында жеткіншектер өртеніп кеткен ер адамның денесін тауып алды
Мұсылманның айналысуына тыйым салынған 4 бизнес
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес