Нұрлан Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты энергетика министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деп жазылған жарлықта.
Естеріңізге сала кетсек, Қанат Бозымбаевтың қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған