Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Абдуллин: Дәрігерлер анама баланы алдыртып таста деген, кейін мен екенін білгенде кешірім сұрады

Нұрлан Абдуллин өмірге анасының қалауымен келгенін айтады. Дәрігерлер қарсы болса да анасы бас тартпаған екен. Кейіннен өмірге әкелгенін білген соң дәрігерлердің өзі кешірім сұраған.  

Бұл туралы әнші Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында айтты. 

Анасы ұлына жүкті кезінде дәрігерлер өз денсаулығына кесірі болатынын айтып, баладан бас тартуға кеңес берген. Алайда анасы ешнәрсеге қарамастан оны өмірге әкелетінін айтқан. 

“Мен өмірге оңай келе қалған жоқпын. Анама көзіңіз мүлде көрмей қалуы мүмкін деген себеппен дәрігерлер мені құрсақта жатқанда алып тастауға кеңес беріпті. Анам оларды тыңдаған жоқ. Өз денсаулығын да ойламаған. Бірден кесіп айтқан. Осылай мені өмірге әкелді. Денім сау болып тудым. Анамда да бәрі жақсы болды. Кейіннен анам көзінің нашарлай бастағанын айтты. Ол кезде мені ел танитын. Жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы Гүлнәр Мұстафина дәрігер еді. Анамды алып бардым. Екеуі бірнеше жылдан соң бір-бірін таныды. “Сондағы бас тарт деген балаң осы ма?” деп таңғалды. Біз күнә жасаған екенбіз, мынадай баладан бас тартуға кеңес бердік деп кешірім сұрады”, – деді әнші. 

Абдуллиннің айтуынша, анасының өмір мектебі оны көп нәрсеге үйретті. Анасы әзілге жақын адам еді. Тіпті төсек тартып жатқанда да қалжыңдап өткен екен. 

“Анам ауруханада жатқанда мен жиі баратынмын. Дәрігерлер таңертең, түнде шақыртады. Не деген махаббат? Анасын жақсы көретін азамат деп таңғалады. Сол кезде жетіп барсам, ”мені өліп қалды деп ойладың ба?” дейді. “Сен әлі дайын емессің әлі жүре тұрайын” дейді. Жақсы нәрсе айт десем, мен әлі өлмеймін деп әзілдеп жататын”, – деді Нұрлан мырза.

Бала күнінде анасы оны қайсар, батыр етіп тәрбиелеуге тырысқан. 

“Бала күнімде мені ана болып қорғаған емес. Өзіңді қорға деп үйретті. Солай өзім үшін күресіп үйрендім. Әке-шешеме ешқашан қарсы сөз айтпадым. Тіпті олардікі дұрыс емес болса да, жарайды дейтін едім. Әкем өлерінің алдында разылығын айтты”, – деді Абдуллин.

Әнші бүгінде үш бала, 4 немере сүйіп отыр. Қалған ғұмырында балаларының амандығын тілеймін дейді. 


Әйелім жеті жылдан бері арбада отыр: Нұрлан Абдуллин ауыр тағдырын айтып жылады

Талқылау