Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін күреседі
Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасына жолдама алу үшін 74 келі салмаққа көтерілген Нұрқожа Қайпанов Тиранада олимпиадалық емес салмақта өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады. 70 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде израилдік балуанды, екінші айналымда молдовалық балуанды айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда грузиялық Акаки Кемертелидзені 12:2 есебімен ұтып, жартылай финалда Тәжікстанның намысын қорғайтын дағыстандық Абдужамид Кудиевті 13:2 есебімен ұтты. Енді ол финалда жапон балуанымен белдеседі.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2109 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында да финалға шығып, дәл осы салмақта күміс жүлдегер атанған еді. Енді сол күмісті алтынға алмастыратын кез келді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"

