Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллин марқұм әкесінің өзін туған күнімен құттықтаған видеосын жариялады

Асқар тау әкесімен қоштасқан Нұрболат Абдуллин елді жылатты. Әнші әкесіне көп жақсылықтар жасауды жоспарлап қойған екен. Алайда үлгермеді.

"Әкесіз өспедім ғой Аллаға шүкір! Бала боп еркеледім, мейірімін сезіндім, ақылын берді, еңбекке баулыды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Тамаша Ана тауып бердіңіз, рахмет Әке.

Жұбану қиын болғанымен, Алла сабыр етуші пендесін сүйеді ғой.
Сіз туралы арманым көп еді "әттең-ай!". Отызыңда дүниеге келген кенже ұлың бүгін 30-ға толды. Бұл құттықтауыңыз енді менің мәңгі жадымда! Жаныңыз жәннатта болсын! Сене алар емеспін,Қош Әке!", - деп жазды әнші. 

Желідегі қолданушылар мен әншінің әріптестері сабыр тілеп, көңілін жұбатты.

"Алла тағала асқар тауыңның алдынан жарылқасын, Нұрболатжан. Фирдаус жәнаттық болғай. Анашыңның қорғаны, жұбанышы сен бекем, берік бол, бауырым", - деп жазды Сәкен Майғазиев.

"Иманды болсын, Нұрболат. Өзіке бекем бол", - деді Айгүл Иманбаева.

"Алтыным, Алла әкеміздің жанын жәннәттық қылғай. 
Өз-өзіңе бекем бол", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.

"Аллаһ панасына алсын! Жанын Жәннаттық етсiн!🤲Сабыр! Туған күнiңмен жақын болғаны қиын болды, бауырым! Бекем бол! Ата-ананы жоғалтудан басқа қандай қайғы бар?! Сабыр берсiн!", - деп жазды Нұрболхан Шарапов.

"Иманды болсын. Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды Айгүл Елшібаева.

"Әкейдің иманы жолдас болсын, туған күніңмен бауырым", - деп жазды Ерғали Әбдірайымов. 

"Иманы саламат болсын", - деп жазды актер Артур Төлепов. 

Айта кетейік, жақын күндері Нұрболат Абдуллиннің әкесі бақиға аттанды. Қаралы хабарды көпшілікке Қайрат Нұртас жеткізді.

Талқылау