Нұр-Сұлтанның жаңа жылдық шыршасы ТМД-дағы ең биік ТОП-5 қатарына енді
ТурСтат порталы 2020-2021 жылдардағы жаңа жылдық мерекелерде ТМД елдерінің астаналарындағы ең биік шыршалардың рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Владислав Воднев
Бірінші орынды Түркіменстан астанасы Ашхабадта орнатылған шырша алды. Оның биіктігі - 41 метр. Ол "Алем" мәдени-ойын-сауық орталығының алдында орналасқан.
Рейтингтің екінші қатарында Ташкенттегі шырша болды – 36 метр. Ол Навои ұлттық кітапханасының жанындағы Истиклол көшесіне орнатылды.
Үшінші орында – Беларуссияның басты шыршасы, биіктігі 30 метр жасанды ағаш Минскідегі Октябрь алаңында орналасқан.
Нұр-Сұлтандағы бас шырша төртінші орынға ие болды. Биіктігі 25 метрге жетеді. Ағаш Нұр-Сұлтандағы EXPO-қалашық аумағында орнатылған.
Рейтингті Бішкектегі Ала-Тоо алаңындағы биіктігі 25 метр Қырғызстанның бас шыршасы аяқтайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"