Нұр-Сұлтандағы өрт: "Мельница" мейрамханасының өкілі тікелей эфир кезінде тілшіге кедергі келтірді
Нұр-Сұлтанда өртке оранған «Мельница» мейрамханасының өкілі «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтарында тікелей эфирге шыққан тілшіге кедергі келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келеңсіз жағдай елордада ірі мейрамхана өртенген уақытта болған.
"Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Алайда, мейрамхана өкілінің әрекеті қызықты болып тұр. Ол біздің тікелей эфирге кедергі келтіруге тырысуда. Өйткені олар ғимараттың кадрда көрінуін қаламайды екен. Бірақ бұлай істеуіне еш себеп жоқ", - деді тікелей эфирде тілші.
Журналист өзіне кедергі келтірген заңгердің іс-әрекетіне еш назар аудармастан, тікелей эфирді жүргізе берген. Ал "Мельница" өкілі болса, қайта-қайта микрофон шұнырын басып, камераның бетін жаппақшы болған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”