Нұр-Сұлтанда ер адам тұрғындарға пышақ ала жүгірді
Нұр-Сұлтанда көшеде тұрғындарды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды. Ол ары-бері өтушілердің зәре-құтын алған деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 11 шілдеде Қажымұқан көшесінде кешкі сағат 19:00-де орын алған. Абырой болғанда, қолына пышақ ұстаған қылмыскерді Полиция қызметкерлері аға лейтенант Жолмаханов Абзал мен лейтенант Асан Қоманов байқап қалған. Ол неше түрлі сөздер айтып, жан-жағына ешкімді жолатпапты. Тіпті ары-бері өтіп бара жатқандарды қуалаған.
Полиция қызметкерлеріне де қарсылық білдіріп, пышағын ала жүгірген. Алайда, қылмыскерді уақытында ұстай алды.
Қазіргі кезде ер адам жауапқа тартылды. Анықталғандай, Ақмола облысының Полиция департаменті Павлодар облысының 35 жастағы тумасын қатысты жедел-іздестіру жұмысын жүргізген.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?