Нұр-Сұлтанда елшілік қызметкерінен коронавирус анықталды
Нұр-Cұлтанға ұшып келген Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны расталды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері Нұр-Сұлтан қаласына халықаралық әуе рейсімен келгеннен кейін COVID-19 үшін ПТР әдісімен талдау тапсырды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Ресей азаматында коронавирус инфекциясы анықталды", - деді Байғабылов.
Оның сөзінше, ер адам елордада 14 күндік карантинде жатыр.
"Өз сауалнамасында ол РФ азаматы, жұмыс орны - СІМ, Ресей Федерациясының Елшілігі екенін көрсетті", – деп нақтылады Байғабылов.
Айта кетейік, Қазақстанда 8 247 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 437-сі - бала. Стационарларда 2 924 пациент, амбулаториялық деңгейде – 5 323 пациент бар.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген