Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем неліктен шақыртуларға кешігіп келеді?

Дәрігерлердің шақыртуларға кешігіп баратыны рас, өйткені пандемияға байланысты қоңыраулар мен шақыртулар саны көп деді қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Брифинг барысында Мұрат Оразбаев жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің саны өте көп екенін жеткізген. Әсіресе ірі қалаларда ахуалдың қиын екенін жеткізді ол.

"Республика бойынша жедел-көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетуде. Маусым айында жедел көмек шақырту 10%-ға өсті. 15-22 маусым аралығында жедел көмек бригадалары тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуларға қызмет көрсетуде. Өңірлер бойынша Ақтөбе, Қызылорда және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалуда", - дейді ол. 

Тіпті маман науқастың жағдайының ауырлығына байланысты жедел жәрдемнің жету уақыты болатынын атап өтті. 

"Егер де, науқастың өміріне не денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 15 минуттан аспауы тиіс, ал науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді", - дейді Оразбаев. 

Талқылау