Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында жарық сөніп қалды: Көлгінов мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтанның сол жақ жағалауындағы тұрғын үйлер мен нысандарға түнге дейін жарық қайта қосылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сөзінше, «Сол жағалаулық» кабельді желілер станциясының қызметін реттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 

«Үйлер мен нысандардың бір бөлігінде жарық қауіпсіздік мақсатында әдейі өшірілді. Жөндеу жұмыстары түнге дейін бітеді деп жоспарлап отырмыз. Апатты жағдайдың себебі анықтау арнайы жасаққа тапсырылды», - деп жазды Instagram парақшасында Алтай Көлгінов. 

10 қараша күні түнгі сағат екілер шамасында «Сол жағалаулық» станциясында кабельді арнаның өртенуі орын алған. 15 адамнан және 6 техникалық жасақ бірлігінен тұратын жөндеу бригадасы оқиға орын алған соң бірден жұмысқа кіріскен.  

5 жедел бригадасы нысандар мен тұрғын үйлерді басқа станцияларға қосу жұмыстарын атқаруда. 

Нұр-Сұлтанның сол жақ жағалауында орналасқан 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешені жарықсыз қалған. Жарық қуаты істен шыққан ғимараттар Қонаев, Сығанақ, Түркістан, Алматы және Достық көшелерінде орналасқан. 

Жағдай ушығу себебі тұрғындар жарықтан бөлек, жылу және су жүйесінен де ажырап қалған. Сонымен қатар олар тамақ жасау мүмкіндігінен айырылған, себебі сол жағалаудағы тұрғын үйлерде электр плиталары орналастырған.
 

Талқылау