Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қамауға алынды
ҚР төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Осы оқиға бойынша Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы ұсталып, оған қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы қолданылды, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттік Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатысты 5 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте анықталғандай, тергеу жалғасуда.
"Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.