Нұр-Сұлтан әуежайында намазхана ашылды
Елордалық Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда намазхана ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл жағдай жолаушылар тарапынан түскен көптеген өтініштердің негізінде жүзеге асырылған.
"Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында 18 қаңтар күні намазхана ашылды. Әуежай басшылығы діни ғұрыптар үшін жолаушыларға бір бөлмені арнады", - делінген хабарламада.
Намазхана Т2 терминалының бірінші қабатында орналасқан.
2017 жылы ҚР-дың қазіргі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2011 жылы қабылданған заңға өзгертулер енгізіпті. Бүгінгі күні намазхана ашып, діни кітаптарды сатуға рұқсат берілген. Десек те намаз оқитын бөлме ашу ғимарат басшылығының рұқсатымен іске асырылады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған