Нұр-Сұлтан атауы Астана болып өзгере ме - Вице-премьер жауап берді
Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді.

"Оған ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын. Тағы қайталап айтайын, оған еш негіз жоқ", – деді Тоғжанов.
Сондай-ақ, ел арасында Астана күнін басқа датаға ауыстыру туралы жиі сөз болып жүр. Бұл күні – еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Алайда Тоғжанов ел болып бір адамның емес, қаланың туған күнін тойлайтынымызды атап өтті.
"Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін тойлаймыз. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қалай тойланса, биыл да солай тойланады. Көптеген іс-шаралар жоспарланғанын білесіздер. Олар 1 шілдеден бастап жоспарлы түрде жүзеге асады. 1-8 шілде аралығындағы барлық іс-шаралар Елорда күніне орай ұйымдастырылған", – деді Тоғжанов.
Айта кетейік, 6 шілде - елімізде Нұр-Сұлтан қаласының туған күні тойланады. Бұл күні барша қазақстандықтар демалады.
Бұған дейін елорда әкімдігі мерекеге орай отшашу болмайтынын хабарлаған еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды