Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық полицейді ер адам отбасылық зорлық-зомбылық бойынша жазалағаны үшін өлтіріп кеткен

 
Қызылорда полиция
Фото: instagram_qriim_mvdrk

 

Қызылорда облысының Арал қаласында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты. Оның денесін өз үйінің ауласындағы гараждан тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұм 38 жаста. Денесінен жарақат іздері табылған. Жанжал болған кезде учаскелік полиция қызметкері демалыста болған. Дауға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, қазір оны іздестіріп жатыр. Полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан учаскелік полиция қызметкері мен күдікті бұған дейін таныс болған. Полиция қызметкері оны отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартқан.

 "Арал ауданында тұрмыстық жанжал шығып, учаскелік полиция инспекторы ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кім екені белгілі, қазір полиция оны іздеп жатыр. Бұған дейін марқұм инспектор осы азаматты отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартып, оған қатысты қорғау нұсқамаларын шығарған", – деп мәлімдеді полиция.

Stan.kz
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2026 14:25