Алматыда тұрғын үй кешенінде бір топ ер адам күзетші мен тұрғынды ұрып кеткен

Фото: Желі кадрларынан скрин
Алматыда "Каспий" тұрғын үй кешенінде жаппай төбелес болып, күзетші мен тұрғынды бір топ ер адам ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 5 қараша түнде болған. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 12 адам кешеннің күзетшісі мен бір тұрғынына шабуыл жасаған. Оқиға сәті бейнежазбаға түскен. Қақтығыстың себебі әзірге белгісіз.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алты адам анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады. Әр қатысушы заң аясында жауап береді", – деді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.
Полиция тергеу амалдарының жүріп жатқанын және тұрғындарды кез келген дауды бейбіт жолмен шешуге, зорлық-зомбылыққа бармауға шақырды.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған
Батыс Қазақстанда әлем чемпиондарын ешкім күтіп алмаған: Бапкер елге қайту үшін несие алған
Спортшылардың жарысқа баруына қажетті қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы өз қалтасынан төлеген