Еуроодақ елшісі қазақстандықтар үшін виза беруді жеңілдету туралы айтты
Еуроодақ елшісі Алешка Симкич қазақстандық азаматтар үшін визаларды жеңілдетуді талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Орталық Азия форумында Алешка Симкич Еуроодақ қазақстандықтардың тәжірибесіне қолжетімділікті кеңейтуге мүдделі екенін алға тартты.
"Еуропа елдерінің тәжірибесіне жол ашу және оған қол жеткізу – Еуроодақ үшін маңызды мақсат. Әрине, виза беру мәселесі жеңілдетілуі керек. Қазақстан визалық режимді жеңілдетуге үлкен қызығушылық танытып отыр. Біз бұл мәселе жөнінде жұмыс істеп жатырмыз", – деді Симкич.
Ол қатысушы елдер процесті жеделдету үшін келісімге келе алатынын айтты. Дегенмен сұрақ біраз уақытты алатындықтан Симкич әлі нақты мерзімдерді атай алмайды.
Талқылау