Отбасы 2 миллион теңге жұмсап көлігін жерледі: Оларға 1500 адам көңіл айтып келді
Үндістанда көлігі ескіріп қайғырған отбасы 1500 адамды шақырып, көлікті жерлеу рәсімін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Needtoknow басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: The Suzuki Wagon R during the funeral. (Jam Press/TIM)
Suzuki Wagon R маркалы автокөліктің иесіне 12 жыл бойы қызмет еткен. Кейін иесі оны сатуға қимаған. Сол себепті онымен лайықты түрде қоштасуды шешеді. Көлік үшін 15 фут (4,5 метр) тереңдікте шұңқыр қазып, оны сонда түсірген.
Барлық іс-шараға отбасы 3666 фунт стерлинг (2,3 миллион теңге) шығын жұмсаған. Көлік ашық түстермен безендіріліп, үстіне жасыл мата төселді.
Жергілікті тұрғындар көліктің жаймен саз топырақпен жабылғанын және жерлеуге келген діни қызметкерлердің мантра айтқанын тамашалады.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді