Маңғыстау облысында тағы бір мектептің 16 оқушысы тамақтан уланып қалды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепте 16 оқушы тамақтан уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock
Деректерге сүйенсек, мектеп оқушылары дәрігерлерге іштің ауыруы туралы шағымдармен жүгінген. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып, барлығы оқуға қайта оралғанын жеткізді.
“Барлық 16 оқушыға ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. Барлық балалар үйге оралды. Оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бүгін, 13 қыркүйекте олар мектепке барды”, – деді аймақтың Денсаулық сақтау басқармасы.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқу орнынан тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, сараптамаға жіберді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды