"Биылғы Азиядағы ең қуатты дауыл": Вьетнамда тайфун салдарынан адамдар көз жұмып, электр қуаты мен байланыс үзілді
Вьетнамның солтүстік-шығыс жағалауында “Яги" тайфуны соғып, 24 адамның өмірін қиды. Биыл Азиядағы ең қуатты дауыл деп танылған табиғи құбылыс салдарынан электр қуаты мен байланыс үзілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Reuters видео кадрларынан
Тайфун салдарынан көшкін мен су тасқыны болып, Куангнинь мен Хайфон провинцияларында электр қуаты мен байланыс үзілді.
Метеорологтар кейінгі 24 сағатта аймақта 208-ден 433 миллиметрге дейін жауын-шашын болатынын жеткізді.
Билік Лангшон, Као Банг, Йен Бай және Тай Нгуен провинцияларындағы жағдайды бақылауға күш салып жатыр. Өйткені бұл аймақтарда су тасқыны мен көшкін қаупі жоғары.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген