Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"35 градусқа дейін жылиды": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет Қақстан аумағы бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. 30 мамыр-1 маусым күндері ел аймақтарында ауа температурасы жоғарылайды деп болжанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта  ауа райының тұрақсыз сипаты болжанды. Ал 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райыны құбылмалы болады. Жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.

Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды. Алайда Баренц теңізі аудандарынан жоғары қысымның енуінен 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр мен 1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда шығыста 3 градусқа дейін үсік болжанады. Күндіз республиканың көп бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Еліміздің батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыс, солтүстік пен орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін, шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін болжанған.


Талқылау