Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет вице-министрі Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты пікір білдірді

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 16 мамырдағы брифингте әйелін өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
"Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі және оны сот шешеді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Заңды күшіне енгеннен кейін қылмыстың ауырлық деңгейі анықталып, соған байланысты қорытынды жасалады", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдау кезінде бірқатар факторлар ескеріледі.

"Мінез-құлық, жазаны өтеу шарттарымен қатар, олардың барлығы сотта жиынтықта жазаны өтеп жатқан тұлғаның орналасқан мекемесінде жазылады", – деді спикер.

Сондай-ақ Ботагөз Жақселекова “Бишімбаевтың жазасы денсаулық жағдайына байланысты жеңілдеуі мүмкін бе?” деген сұраққа жауап берді.

"Бұл да денсаулық жағдайына байланысты сот шешімімен жүзеге асырылады. Жалпы шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша бізде мұндай мүмкіндік көзделеді. Бұл мүмкіндік жазасын өтеушінің белгілі бір мерзімде түзеу мекемесінде өзін қалай ұстауына байланысты. Ауыр қылмыстар бойынша рұқсат беретін және құқық беретін ең аз мерзім жалпы жазаның 2/3 бөлігіне тең. Бұл жағдайда жәбірленуші тараптың келісімі қажет, бірақ мен бұл сот шешімінің құзыреті болатынын тағы бір рет атап өткім келді. Екіншіден, біз үкімнің нақты күшіне енуін күтуіміз керек. Сондықтан дәл қазір мен нақты түсініктеме бере алмаймын", – деп жауап берді ол. 

Бұған дейін айыпталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот үкіміне қарсылық айтқанын хабарлаған едік. 

Талқылау