Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (видео)
Ауғанстанның солтүстігіндегі су тасқыны кем дегенде 150 адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ Талибан өкілдері 100-ден астам адам жарақат алды деп отыр.
Associated Press агенттігі провинцияның табиғи апаттарды жою кеңсесінің директорына сілтеме жасап хабарлағандай, су тасқыны сонымен қатар бірнеше ауданда үйлер мен мүліктерге зақым келтірген.
"Көз жұмғандар саны артуы мүмкін, өйткені із-түзсіз кеткендер өте көп" дейді директор.
Табиғи апаттарды басқару министрлігіндегі талибан өкілінің айтуынша, су тасқыны Кабулға да әсер еткен.

Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және өзге де көмегі бар құтқару топтары жіберілген.
Айта кетейік, сәуірде толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны ел бойынша кем дегенде 70 адамның өмірін қиған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды