Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір ғана Бишімбаев көп әйелдің жарасын тырнады": Ақбота Керімбекова тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы бейнебаян түсірді

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жаңа әніне бейнебаян түсіріп, қоғамдағы әйел рөліне баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/botakerim/

Сондай-ақ өнер иесі қоғамды дүр сілкіндірген экс-министрдің әрекетін де тілге тиек етті. 

“Неге-неге?..” Бұл менің бірнеше жыл бұрын жарыққа шығарған әнім. Өлеңін Қалқаман Сарин жазған. Музыкасын Ізбасар Кеңесов деген музыкант жазды. Бір сүрініп, бір құлап өтіп жатқан өмірде өзімізге қояр сауал көп. Әсіресе, әйел жаратылысында. Қай қоғамда да, қай заманда да сыны, сүрлеу-соқпағы тым бөлек қыз-келіншектердің, қазақ әйелдерінің тағдырынан менің тағдырым өзге емес… Омақаса құлап, егіліп жылап жатқанда жұбатуға кеңдігі жетіспей жататын қазіргі кезең әйелдерге жау сияқты, тым қатал”, – дейді әнші. 



Айтуынша, эстрада жұлдызы отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырап, оны сыртқа білдіртпей отырған қыз-келіншектердің жанайқайын әнмен жеткізгісі келген.

“Бір ғана Бишімбаев ісі көп әйелдің жарасын тырналағандай. Құдайдан өзге қорғаны жоқ қанша нәзікжанды тексіз еркектерінің тепкісін тағдырының тепкісіндей қабылдап, ыза-кегін ішіне булықтырған күйі өмірден өтіп жатыр… Неге?.. Гүлден нәзік, мақтадан жұмсақ ару ғұмырдың көп сәті неге жылаумен өтеді?.. Міне, осы секілді сауалдарға жауапты әннен, өлеңнен, өмірдің өзінен іздегем. Жақында бейнебаян түсірдік, сюжетін құрауға көп уақытым кеткен жоқ… Өз өмірімнен, көптің басындағы қыз ғұмырынан бірер сәтті бейнеледік тек”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша  сот отырысы жалғасып жатыр. 

 

Талқылау