Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иелігінде пәтер, жеке үй, көлік пен жер телімдері бар": Қазақстандық қоғам белсендісі Алматы облысындағы аудан әкімінің жұмысын сынға алды

Желіде қазақстандық саясаткер, қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматы облысы Іле ауданы әкімін сынап видео жариялады. Мұнда аудан әкімі Бағдат Қарасаевтың басшылыққа тағайындалған алты жылда көптеген жылжымайтын мүлік, автокөлік, дүкен, жер телімдеріне иелік етіп, жағдайын жақсартқанын көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Боқаев Іле ауданына барып, жолдар мен бөгеттерді тексергенін көрсетті. 

“Бірнеше күн бұрын кафеде маған даяршы келіп, өзінің 2018 жылдан бері Іле ауданында жетім ретінде 456-болып, тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтты. Осы алты жыл ішінде оның кезегі мүлде жылжымаған. 

Ал бұл Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев 2018 жылдан бері осы қызметке тағайындалған. Осы жыл ішінде жетім жігіттің өмірі қалай өзгерді, ал әкімнің өмірі ше? Олай болса анықтап көрейік, сол үшін мен Іле ауданына жолға шықтым”, – деген видео кадрларында. 

Кейін қоғам белсендісі мемлекеттік сатып алу порталында Іле ауданында тұрғын үйлерді салу үшін мемлекеттен 72 шаршы метр аумаққа 1,6 миллиард теңге ақша бөлінгенін жеткізді. Алайда айтуынша, жетім балалар кезекте алға жылжымаған? Кейін саясаткер осы өңірдің әкімі Бағдат Қарасавтың атындағы мүліктерді тексеріп көрді.

“Іле ауданының әкімі Қарасав Бағдат қандай неге иелік ететінін көрейік. Әкімде мынадай жылжымайтын мүліктер бар: Алматыда Розыбакиев көшесінде пәтер, Талдықорғанда, Қараталда пәтер, жеке үй, дүкен, кеңсе, тағы да дүкендер бар. Ал оның әйелінің атында қанша автокөлік бар екенін айтпай-ақ қояйын. Қаншама жер телімдері бар. Сондай-ақ ұлы мен қызы да қаншама автокөлік пен жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Ұлы “ADC Taza alem” ЖШС иелік етеді. Оның автокөліктері мен жылжымайтын мүлкінің қандай екенін айтпай-ақ қояйын”, – деді Боқаев. 



Саясаткер аудандағы Тасыбеков көшесіне тратуар орнатуға 5 миллион 488 мың теңге ақша бөлінген жеткізді. Алайда іс жүзінде бұл жерде ешқандай жаңа салынған жолдар жоқ екен. Жолдарды сынаған азамат ауданда ештеңе жөнделмесе де әкімнің жағдайының жақсарғанын алға тартты.

“Сонымен соңғы 6 жылда әкімнің өмірі жақсарғаны анық. Сіздерге оның өте үлкен үйін көрсеткен жоқпын. Ал қазір осы алты жылда қиналып, жалғыз қалған Максим туралы айтқым келеді. Ол былтыр жалғыз қамқоршысы туған әпкесінен айырылыпты. Сол себептен бөлме жалдап, жұмыс істеп, өз-өзін қалай болсын асырауға тырысып жүр. 

Тағы да айтқым келетіні Іле ауданына барып келуім үшін маған 2 сағат уақыт жеткілікті болды. Ал жоғары билік, облыстағы басшылар қайда? Мен сіздердің орындарыңызда болсам мұндай тәртіпсіздікке мүлде жол бермес едім. Сол себептен мен мына ақпараттардың бәрін Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберуге мәжбүрмін”, – деп қорытты Боқаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Санжар Боқаев Алматы әкімдігінің құрылысы тоқтап тұрған метроға 450 миллиард теңге сұрап отырғанын айтып, "жемқорлықтың иісі шығып тұр" деп сынаған еді.

@sanzhar_bokayev Эти акимы пахнут розой. Но в каждым из них сидит свой Бишимбаев. #СултангазиевМарат #Илийскийаким #карасайскийаким #Бокаев #антикор ♬ оригинальный звук - Санжар Бокаев
Талқылау