Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz редакциясы "Болашаққа инвестиция" жобасына қатысуда

Елімізде жылдан-жылға жеке инвесторлар саны өсіп, қор нарығында инвестиция жасау тақырыбына қызығушылық артып келеді. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша орталық депозитарийде 704 мың жеке шот бар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 мыңға көп (2023 жылғы 1 сәуірде – 675,9 мың шот болған). Қоршаған ортада бұл туралы қанша ақпарат беріліп, түрлі инвесторлардың инвестиция жасауды бастауға шақыруларына қарамастан, әлі де бұл салаға деген сенімсіздік пен күмән немесе қорқыныш бар.

Инвестор ретінде алғашқы қадам жасау – орындаларлық миссия

Оқырмандарға бағалы қағаздарға инвестициялауды өз бетінше үйренуге болатынын және үйрену керек екенін дәлелдеу үшін Stan.kz редакциясы қаржы және инвестиция туралы материалдарды үзбей оқитын ең белсенді оқырманымен бірге Freedom Broker-мен арнайы бірлескен жоба – “Болашаққа инвестицияға" қатысуға шешім қабылдады. Бас редактор, екі журналист және кәсіпкер (оқырман) инвестиция бойынша курстан өтуі керек. Содан кейін олар Freedom Broker тәлімгер-шот менеджерлерінің көмегімен өзінің жеке брокерлік шотын ашып, алғашқы практикалық қадам ретінде оны аз мөлшерде толтырып, өздерінің инвестициялық портфелін жасайды. Қатысушылар әр кезеңде алған әсерлерін бөліседі, қор нарығының қыр-сырын үйреніп, бағалы қағаздарға анализ жасайды. 

Курсты оқып жүргендер қандай мәселелерге тап болғанын да бүкпесіз айтып, соның арқасында оқырмандар жобаның барысын бақылай алады. Жобаға қатысушылар инвестициялауды үйреніп қана қоймай, басқа адамдардың қаржылық тұрақтылыққа саналы қадам жасауына немесе "қауіпсіздік жастығын" дайындауына септігін тигізгісі келеді.

Болашақ курстың студенттердің инвестиция туралы білім деңгейі әртүрлі. Кейбіреулер теория жүзінде осы тақырыпты зерттесе, бірі ақшаны сақтап, көбейтудің мұндай жолы бар екенін естіген. Тренинг басталмас бұрын олардың әрқайсысы жобаға қатысуға неліктен шешім қабылдағанын және алдына қандай мақсат қойғанын айтып берді.

Арман әртүрлі, ал мүмкіндіктер бірдей

Журналист, Stan.kz сайтының бас редакторы Назерке Мұса өзінің ұзақ уақыт бойы инвестициялар әлеміне қызығушылық танытып жүргенін айтады. Оның сөзінше, қаржы және инвестиция тақырыбына арналған материалдарды жиі жазу кезінде осы тақырып үнемі алдынан шығып тұрған.

“Менің осы саладағы білімім шектеулі әрі менің ойымша, бұл тақырыпты жақсы түсіну және талдау үшін оны тереңдетіп оқу қажет. Инвестициялардың қалай жұмыс істейтінін, қандай құралдар қолжетімді екенін зерттегім және қаржылық шешімдер қабылдау туралы толық түсінік алғым келді. Сонымен қатар мен журналистикадағы негізгі жұмысымнан тыс қосымша табыс көзін қалыптастырмақпын”, – дейді ол.

“Инвестициялау өзіне осы мақсатқа жетудің бір жолы ретінде жақсы нұсқа” екенін ерекше атап өткен Назерке қаржылық мақсаты туралы айтуды да ұмытпады.

“Менің қаржылық мақсатым – болашақта қаржылық тәуелсіздігімді қамтамасыз ететін тұрақты және өсіп келе жатқан инвестициялық портфельді құру. Осы салада білімімді жетілдіріп, әрі қарай жиналған қаражатыма су жаңа көлік сатып алуға қаражат жинағым келеді. Инвестицияда тәжірибем жоқ. Бұл жоба арқылы мен инвестициялар туралы білімімді жетілдіргім келеді, нарықты талдауды, ықтимал тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауды және тәуекелдерді басқаруды үйренемін деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл білім мен дағдылар маған қаржылық нәтижемді жақсартуға ғана емес, сонымен қатар инвестициялық шешімдерімді сауатты және сенімді  қабылдауға көмектеседі”, – деп түйіндеді Назерке Мұса.

Екінші қатысушы Digital журналист Салима Бағашар “жаһандық жағдайлардың тұрақсыздығына байланысты әрбір адам үшін қосымша табысқа деген қажеттілік туындайтынын” атап өтеді. Оның сөзінше, инвестициялау – көп күш пен уақытты қажет етпей қосымша ақша табудың жақсы тәсілі.

“Бұл жобада мен жаңа саламен танысу мүмкіндігін көрдім. Бұл курста сіз жаңа білім алып қана қоймай, қаржылық әл-ауқатыңызды жақсарта аласыз. Өйткені біздің жасымыз ұлғайған сайын шығындарымыз көбейеді оның үстіне біз өзімізді жақсырақ және әдемі өмір сүру мүмкіндігінен бас тартқымыз келмейді. Өйткені жастар ақша табумен қатар, жеке өміріне де уақыт бөлуі керек. Сонымен қатар мен шынымен ақшаны оңай табу керек деп есептеймін, инвестицияда тәуекелдерді есептеу және жалпы нарықтағы өзгерістерге дайын болу керек, бірақ бұл өзіңізді шыңдаудың жақсы тәсілі”, – деп ерекше атап өтеді ол.

Қаржылық мақсатына тоқталған ол тапқан пайдасына өз қаржысына сатып алған көліктен де қуаттысын сатып алғысы келетінін және болашақта өз кәсібін ашу ойда бар екенін жеткізді.

“Әрбір адамның арманы – жайлы үйінің болуы. Әзірге осы саланы бастар тұста алдыма нақты мақсат қойдым. Қаланың ортасынан әрі жұмысыма жақын ауданнан үй сатып алғым келеді. Ал бұл жоба менің арманымның алғышарты болады деп сенемін. Сонымен қоса алдағы бірнеше жылда өз кәсібімді ашу жоспарымда бар, қазір мен оның тұжырымдамасымен жұмыс істеп жатырмын, бәрі дайын болған кезде өз жинағымды қолданамын. Қорытындылай келе, әлемдегі соңғы оқиғаларға: табиғи апаттар, шиеленісті жаһандық саяси жағдай және жаңа вирустарға байланысты мен жан тыныштығы үшін банкте “дабыл сөмкемнің болғанын қалар едім”, – дейді ол.

Салиманың сөзінше, көптеген қаржы сарапшылары қосымша табыстың бұл түрі бәрінен де қолайлы деп санайды.

“Әрине, егер сіз ақшаңызды қайда салу керектігін ойласаңыз, бұл, әрине – инвестиция. Бұл саланың мәнін әркім түсіне бермейтінін ұмытпаңыз, егер ол оңай болса, бәрі бұрыннан инвестицияға көшкен болар еді. Бірақ жаһандық экономика және табысты адамдардың тарихы бұл саланың күш-жігерді салуға тұрарлық екенін көрсетті. Бұған мысал ретінде әлемдегі қор нарығының аңызы Уоррен Баффетті келтіруге болады. Мұндай әңгімелер маған қосымша мотивация береді”, – дейді ол.

Ол курсты аяқтағаннан кейін қаржы нарығын өз бетінше түсініп, қандай акциялардың көтерілетінін және қайсысы төмендейтінін болжай алғысы келеді.

"Мені брокерлердің жұмысы таңдандырады, сондықтан мен де бұл салаға аяқ басқым келеді. Қазір қор нарығы қатты қызықтырады, болашақта бұл нарықта өзімді "судағы балықтай" сезінсем" деймін", – деді Салима Бағашар. 

Ең дұрыс инвестиция – өзіңе және өз біліміңе жасалған инвестиция екенін атап өткен кезекті қатысушы Алексей Мутасов инвестиция саласындағы білімін жетілдіргісі келетінін баса айтады. Ол Digital marketing саласында кәсіпкерлікпен айналысады.

Алексей Мутасов

“Сондықтан мен тәжірибелі мамандардан тұратын курсқа қатыса алатынымды және өз пікірімді бөлісетінімді білгенде, қатысып көру керек екенін бірден түсіндім. Ең бастысы менің отбасым ертең жақсы өмір сүру үшін қазірден бастап әрекет ету қажет. Мен инвестиция саласында тапқан қаражатымды болашақта баламның білім алуына жұмсағым келеді. Жоғарыда атап өткенімдей, ең жақсы инвестиция – адамның өзіне жасаған инвестициясы. Ал білім – құны өлшенбейтін байлық. Инвестиция жолындағы білімімді өз балаларымның бойына сіңіргім келеді”, – дейді ол.

Алексей бұған дейін валютаға, акцияларға және криптовалютаға инвестициялаудың түрлі тәсілдерін қолданып көргенін айтады.

“Өткен жылдан бастап мен криптовалюта және инвестициялық монеталар туралы аз-аздап үйрене бастадым. Бұл жобадан соң менің қаржылық сауатым жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалай жұмыс істейтіні және нарық қозғалысын қалай дұрыс талдау керектігі туралы негізгі білімді бойыма сіңіремін”, – дейді Алексей Мутасов.

Жоба қатысушыларының бірі – журналист Ақберен Амангелді. Оның сөзінше, бұрын-соңды инвестиция саласында тәжірибесі болмаған, сондықтан курсқа қатысу алдында қызығушылықпен қатар қорқыныш сезімі де болыпты. 

Акберен Амангелды

“Инвестиция жолымдағы алғашқы қадамды Freedom Academy-да бастағанды дұрыс деп санадым. Қазір айналамдағы достарымның ішінде инвестиция саласында жұмыс істей бастағандар пайда бола бастады. Айналама қарап, мен де уақыттың өзгергенін және заман талабына сай жаңа бағыттарда пайда табуға болатынын ұғымдым. Осы салаға бет бұрып, инвестиция төңірегінде қаражатымды арттырсам деймін”, – дейді ол.

Ол өзінің қаржылық мақсатын арманына жасайтын қадамымен түсіндіреді.

“Қазір әлемдік нарықпен қатар ел нарығын жаулап алған қытайлық көліктер мені де қатты қызықтырады. Оның ішінде арманыма айналған автокөлік –Lixiang L7. Инвестиция саласын жетік меңгеріп, алдағы 1 жылда қаражатымды жинап осы автомобильді сатып алғым келеді”, – дейді ол.

Ақберен бұл жоба алдына қойған мақсаттарына жетіп, қаржылық жағдайына оң септігін тигізеді деп сенеді.

Дұрыс таңдау жасау – жетістіктің жартысы

Инвестор ретінде қадамды бастамас бұрын сарапшылар сапалы білім беру платформасын табуға кеңес береді. Бұл – бағалы қағаз туралы жаңа білім мен дағдыларды алудың негізгі қадамы. Сапалы контент қана емес, тиімді оқыту үшін дұрыс құрал мен ресурсты да таңдау маңызды. Оқыту платформатын таңдау кезінде назар аудару керек негізгі мәселелер келесі чек-листте жинақталған:

чек лист

Қатысушылардың барлығы өз саласындағы чек листтегі барлық талаптарға жауап беретін және шынымен сапалы курстар ұсынатын Freedom Academy-де білім алады. 

Жоба қатысушыларын керемет білім беру бағдарламасы күтіп тұр. Олар "Қаржылық дегустация" оффлайн-кездесуіне қатысады. Бұл – трансформациялық ойын, мұнда әр адам түрлі активтерге ақшаны жоғалту қатерінсіз инвестиция жасап көреді. Әрі қарай "Инвест-компас" (қор нарығының қыр-сырын үйреніп, бағалы қағаздарға дұрыс сараптама жасауды меңгергісі келетіндерге арналған арнайы онлайн-курс) курсынан өтіп, базалық білім алады. Бұдан кейін техникалық сараптама әлеміне аяқ басып, шынайы сауда-саттық жасап көреді. 

Келесі материалдарда оқытудың қалай жүріп жатқанын және арнайы жоба қатысушыларының арман-мақсатына жету жолында инвестиция әлеміндегі алғашқы практикалық қадамын біле аласыз. 

Талқылау