Астанада жүк көлігі, жол талғамайтын көлік және автобус соқтығысты: Қаза тапқандар бар
Астанада жүк көлігі, автобус және жол талғамайтын көлік соқтығысты. Қаза тапқандар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған
Жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында тіркелген.
"Жүк көлігі, маршруттық автобус және Toyota Prado жол талғамайтын көліктің соқтығысуы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген Астана полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Сондай-ақ департамент оқиға орнында қалалық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды.
Еске салсақ, Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшыраған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"